Қазақстандық бизнесмен, банкир және қаржы сарапшысы Жомарт Ертаев Мәскеуде тұтқындалды.
Mash мәліметінше, банкир өзінің қол астындағы қызметкер, «Д-Банк-Үштігінің» бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяковпен бірге ұсталған. Сонымен қатар тағы 2 адам тұтқындалды. Олар алаяқтықпен айналысты деп күдіктелуде.
Белгілі болғандай, оларды тұтқындауға бағытталған арнай операция Мәскеудегі «Москва-Сити» халықаралық іскерлік орталық маңында өткен.
Сондай-ақ ресейлік БАҚ-та олардың тұтқындалған сәті түскен видео пайда болды. Ол жерде Ертаевтың көлігі мен артындағы көліктер жолда келе жатқан кезінде тоқтатылып, барлығының тұтқындалғаны көрінеді.