Тәртіп сақшысы алкогольдік ішімдікке мас азаматтың балағат сөзіне ашуланбастан, сыпайы жауап берген.
NUR.KZ хабарлағандай, редакцияға оқырман хабарласып, шектен тыс жұмсақ мінезді полицейді кездестіргенін айтып берді. Видеожазба авторы полицейдің сөзіне сүйене отырып, алкогольдік ішімдікке масайған азаматтың жерге құлап, маңдайын жарып ағанын айтқан. Куәгерлер жедел жәрдем шақырғанымен, жараланған ер адам оның көмегін қажет етпеймін дейді.
Ал полицейдің бұл орынға қалай тап болғаны белгісіз. Дегенмен автордың айтуынша, тәртіп сақшысы мас адамның өзіне қарсы шабуылдап тұрғанына қарамастан, онымен жұмсақ сөйлесіп, жазалауға талпынбаған.
«Мас азамат полицейді балағаттап, оны жұдырықтамақ болды. Ал тәртіп сақшысы оны итеріп қойып қарап тұр. Төбелескіш кісі мұнымен де қоймай, полицейдің рапортын жыртып тастады. Бірақ ол бұл әрекетке де жұмсақ жауап берді. Тіпті алкоголь ішкен адамды әкесіндей құрметтеп, көліктеріне отырғызды», — дейді алматылық азамат.
ъ