Маңғыстау облысында 16 жастағы баланы өгей анасы аямай өлтіріп, денесін сарайға тығып қойған. Қайтыс болған баланың туған анасының айткуынша, әйел өз кәнісін мойындады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Евразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.
Баланың әкесі 16 жастағы Нұрсұлтанды достарымен бірге жүрген шығар деп іздемеген. Әйелі үй тірлігімен айналысқан. Ал келесі күні шыдамай, жасаған қылмысын айтқан. Баланың денесін сарайға тығыпты. Туыстары өлген жасөспірімнің денесінен 20 рет пышақ тығылған деп отыр.
«Ол менің баламды бауыздап тастады. Оның жарақаттарын өз көзіммен көрдім. Баламның денесінде тірі жері қалмапты», — деді қайтыс болған баланың туған анасы Кәмшат Қожақова.
Нұрсұлтанның ата-анасы 11 жыл бұрын ресми түрде ажырасқан. Баласы әкесімен бірге қалады. Ер адам екінші рет үйленгенде оған өгей анасы тыныштық бермеген.
«Балам тек таңғы және кешкі асын әкесімен, ал күндіз тек су ішіп жүретінін айтатын. Ол кейде мұздатқыштан нан да ұрлаған. Үйде балаларға қарап, үй шаруасына көмектесетін», — деді Қожақова.
Әйел баланы өзіне алғысы келген. Бірақ енесі өзім тәрбиелеймін деп бермей қойған. Анасы соған және бұрынғы күйеуіне сенген. Кейін ол өгей шешесі баланы ұратынын естиді. Сол кезде полицияға арыз жазған, бірақ неге екенін күйеуінің екінші әйелін кешірген.
«Мен полициядағылардан баламды кім өлтірді деп сұрағанда, өгей анасы екенін айтты. Денесін мәйітханаға апарған», — деді Нұрсұлтанның анасы.
Жасөспірім бала мектептегі достарымен тату болған. Ешқашан ешкіммен кикілжіңге түсіп көрмеген. Үлкендерді сыйлаған.
Өгей анасының неліктен өлтіргені белгісіз. Бірақ енді ол 15 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Күдіктінің және Нұрсұлтанның әкесінің төрт баласы бар.
«Өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Толығырақ ақпарат әзірге айтуға болмайды. Тергеуге кедергі келтіруі мүмкін», — деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ІІД ресми өкілі Жазира Әбіл.