jasqazaq.kz

Маңғыстау тұрғынынан 84 келі марихуана тәркіленді

18 мамыр 2018, 14:41

Маңғыстау облысы ІІД ЕБҚКБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған ер адамның үйінен 83 кг 582 грамм болатын есірткі заты тәркіленді.

Обыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селосындағы салынып бітпеген үйдің жанында күдікті ер кісіні ұстаған. Мамандар жедел-іздестіру шарасы барысында «Чак» қызметтік итін операцияға пайдаланған. Тінту барысында одан «марихуана» есірткі заты салынған сіріңке қорапшасы мен құрылысы аяқталмаған үйде азаматқа тиесілі 3 жасыл қаптағы жалпы салмағы 83 кг 582 грамм болатын марихуана тәркіленген. Маңғыстау облысы ІІД Тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Қазіргі таңда күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Ақтау қаласындағы Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен