Еліміздің тағамтанушылары осылай дабыл қағуда. Өйткені, оның құрамында қант шамадан тыс көп . Әрі концентранттар аямай қосылады дейді мамандар. Мұны арнайы жүргізілген зерттеу анықтапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Дүкендерде йогурттың түр-түрі cамсап тұр. Оны әсіресе балалар сүйсіне жейді. Ата-аналар да кішкентайларға қытырлақ картоп пен газдалған сусындардан гөрі йогурт алып беру пайдалырақ деген сенімде. Тіпті, йогуртқа ересектер де құмар. Әсіресе диета сақтайтындар көптеп сатып алады. Сөйтсек, оның пайдасынан гөрі зияны көп екен. Қант диабетіне әкелуі мүмкін.
Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті: -Қазіргі уақытта қантсыз шығарылатын йогурттар жоқтың қасы. Сүт тағамдарын соңғы уақытта өзіміз бүлдіріп алдық. Одан жасалатын айран, йогуртқа қант қосуды үйреніп алдық. Оның зияны соншалықты мысалы адамның организіміне сүйекке сосын ас қорытуда кальций деген элементті жеп қояды.
Мамандар жылдап мұздатқышта тұрса да бұзылмайтын осы сүт өнімінен тұтынбауға шақырады. Сақталу мерзімі де бір жылға дейін екендігі сыртында жазулы. Балаларға оның тәтті емес әрі майы аздауын алған жөн екендігін айтуда. Ал, сүт өнімімімен шығарушылар бұл пікірмен келіспейді.
Әсел Өскенбай, технолог: -Біз халықтың сұранысына байланысты екі түрлі йогурт жасаймыз. Біріншісі стандарты, қант қосылған. Себебі оны балалар тәтті болғаны үшін жақсы көреді. Сол үшін рецептураға сәйкес қант қосамыз. Екіншісі табиғи қантсыз. Халықаралық тағам қауіпсіздік стандарттары қолданылады. Соған байланысты тек рецеаптура бойынша рұқсат етілген нормалармен дайындаймыз. -Зауытта 480-ге жуық сиыр бар. Олардың сүті мына жерде сауылады. Ірі қара арнайы аппараттың ішіне кезек-кезекпен кіреді.
Ал дәрігерлер бұл өнім диабетінен бөлек, тіс ауруларына да әкеп соқтыратынын айтады. Әсіресе мектепке дейінгі балалар йогуртты жеп, сүт тістерін әбден құртуы мүмкін.
Гаухар Жартыбаева, тіс дәрігері: -Қанты көп сүт тағамдарын бергеннен тістер тез кариеске айналады. Көбінесе 1 жарым жастан 6 жасқа дейін бізге кішкентай балалар келеді.
Сондай-ақ, дәрігерлер бұл өнімді аларда оның құрамындағы қоспаларды мұқият оқып шығуды өтінеді. Тағамтанушылар да йогуртты алмас бұрын оның қандай сүттен жасалғанын және құрамындаға қанттың мөлшеріне мән беруді сұрайды.