jasqazaq.kz

Мадияр Әшкеев қарсыласын екі минут ішінде жеңді

04 наурыз 2018, 12:13

Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен кәсіби рингтегі бокс кеші шеңберінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz. Бірінші орташа салмақта жұдырықтасқан Мадияр Әшкеев доминикан Хосе Антонио Абреуді бірінші раундта жеңді. Қазақстандық боксшы 1 минут 52 секундта қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты.

26 жастағы Әшкеев әлі де соққы тимеген боксшы деген мәртебеге ие — тоғыз жеңіс (бес нокаут), ал 29 жастағы Абреу төртінші рет жеңіліп отыр және үш кездесуінде қатарынан жеңілген — сонымен қатар ол 13 рет жеңіске жеткен (сегіз нокаут). Қазақстандық тағы бір боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшы Алехандро Торресқа қарсы титулдық емес жекпе-жек өткізді. Нұрсұлтанов рингте бірден басымдық танытты. Жекпе-жек төртінші раундта тоқтап қала жаздады. Бесінші раундта дәрігерлер Торресті тексеріп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Бірақ соңғы, алтыншы раундта жекпе-жек тоқтатылды — Нұрсұлтанов техникалық нокаутпен жеңді. Нұрсұлтанов үшін бұл кәсіби бокстағы алтыншы жеңіс және ол бесінші рет уақытынан бұрын жеңіске жетіп отыр. Айта кетейік, бұл кештің басты оқиғасы ресейлік жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев пен отандасы Игорь Михалкиннің жекпе-жегі болды.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен