jasqazaq.kz

Шымкент: Мәдениет саласындағы маңызды мәселелер талқыланды

15 қараша 2024, 11:26


Шымкент қаласы мәдениет пен өнердің ордасы. Бүгінде қалада бірнеше театр мен өнер орталықтары жұмыс істейді. Жақында ғана шаһарда халықаралық театрлар фестивалі өтті. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан сарайында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 10 айдағы мәдениет саласын дамыту қорытындылары туралы есебімен таныстырды.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және алдағы уақытта қойған міндеттері талқыланды.
Басқарма басшысы қаладағы рухани-мәдени өмірдің жаңалықтарымен бөлісті.
Жыл басынан бері басқарманың мемлекеттік және кәсіби мерекелік күндер мен атаулы даталар бойынша өткізілген іс-шаралар барысын кеңінен баяндады.Сонымен бірге мәдениет нысандарын қалпына келтіру жұмыстары бойынша баяндап өтті.
«Мәдениет объектілерін қалпына келтіру бойынша 2024 жылға 15 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді»,-деді Бауыржан Орынтаев.
Мәжіліс барысында Сәрсен Абайұлы театрлардағы репертуар саясатын жетілдіру, Шымкент қаласындағы жаңа мұражайлар мен мұражай бірлестігін құру, 2025 жылы Салт-дәстүр орталығы мен Опера-балет театрының жаңа ғимараттарының құрылысын бастау мәселелеріне де кеңінен тоқталып өтті. Жиын барысында мәдениет саласындағы маман тапшылығы мен театрлардың музыкалық аспаптары мен сахналық киімдері мәселелері де кеңінен талқыланды.

Жиын соңында Сәрсен Абайұлы 6-11 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен Орталық Азия елдері театрларының IX халықаралық фестивалінің өтуіне ат салысқан мекеме басшыларын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Жиын барысында мәдениет басқармасының жұмыстарын саралай келе оған қатысты сындар айтылды. Осыған орай, жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сындардан қорытынды шығару үшін бірнеше тапсырмалар берді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды