jasqazaq.kz

Лифтіде көз жұмған тележүргізушінің күйеуі: Қызым анасын сұрамайды

10 сәуiр 2018, 10:58

Қайыржан мен Айзат 4 жыл некеде болған. Қайғылы оқиға болған үйге өткен жылы көшіп келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Мамыр айында қоныс тойын тойлауға ниеттенген. Қазір Қайыржан анасының өлімін өз көзімен көрген қызының жағдайына алаңдаулы. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Айтуынша, кішкентай болғанына қарамастан, бала анасының сұмдық жағдайға ұшырағанын біледі. 3 жасар Іңкәр қайғылы оқиға орын алған күнді жиі еске алады.

“Бірінші күні өте ауыр болды. Одан кейін еске алып тұрады. Анам қысылып қалды, дейді. Анам құлап қалды, кейін мен жыладым дейді. Үш жасар қыздың сөзі осы. Бірақ анасын сұрамайды. Бәрібір бала да сезетін сияқты. Болған оқиға қаз қалпында көз алдында қалған”, – дейді Қайыржан Ерқасымов.

Қазіргі таңда отбасы лифттің не себепті істен шыққанын анықтау үшін сараптама нәтижесін күтіп отыр. Сұм оқиғадан кейін облыс басшысының тапсырмасымен, қаладағы барлық лифтілер тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, оқиға 4 сәуір күні кешке орын алған. Лифттің есігі толық ашылмастан, үш жасар қыз оның ішіне кіріп кеткен. Анасы қызының артынан кірмек болғанда есік жабылған. Айзат оқиға орнында көз жұмды.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды