jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы әріптесіне «реванш» жариялады

06 наурыз 2018, 12:03

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Атамекен» бизнес арнасында өткен сұхбат барысында сұрақтарын жаудырып, жауап беруге мүмкіндік қалдырмаған әріптесіне «реванш» жариялады.

Интернет желісіне тарап кеткен сұхбат үзіндісі көпшілік арасында үлкен талқыға түсті. Осыған орай, Ләйлә Сұлтанқызы да бағдарлама барысында орын алған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

Танымал тележүргізуші отандық телеарнадағы «Басты тақырып» бағдарламасына арнайы қонақ ретінде шақырылған. Алайда, кітап жазу тақырыбы аясында еркін сұхбат күткен ол, мұндай агрессиялық формада шапшыған сұрақтар болады деп ойламаған-ды.

Бағдарлама жүргізушісі сұрақ қоюын қойып алып, жауап бермек болған Ләйлә Сұлтанқызына аузын ашуға мұрша бермеген. Әріптесінің бұл қылығын түсінбеген тележүргізуші, «Мені студияға ұрсып тастау үшін шақырған сияқтысыз ғой» деп қалжыңдады.

Өзінің Instagram парақшасына пост жариялаған тележүргізуші, осы мәселе төңірегінде тікелей эфир жүргізе алатын журналистердің тапшы екенін басып айтты. Оның ойынша, ерекшеленуге тырысатын жүргізушілер көп, журналистік этиканы ұстанатындар аз болса керек.

Әлеуметтік желіде қалдырған жазбасында Ләйлә ханым осы сұхбатқа қатысты оған міндетті түрде жауап қайтаратынын ескертті.

Оның айтуынша, «реванш» наурыз айының соңына жоспарланбақшы.

#тікелейэфир жүргізе алатын журналистер аз, өте аз… Бірнәрсе жетпей тұрады, әйтеуір. Логика, сценарийден ауытқу, эмоция, продуманная импровизация, форс-мажорға дайындық, динамика, гармоничная энергетика айта берсең көп🤔 *Көз алдыңызға елестетіңізші, тікелей эфирде отырғанда #қылмыскер кіріп келді, пистолетімен, оператор қорықпай екеуін де көрсетіп тұр, журналист не істеу керек? *Жарайды, жеңілірегін айтайын,сізді біреу боқтады. Әкеден, шешеден түк қалмады…? *Бесінші точкаңызды кене шағып алды? *Студияда Faceтің әні қосылып кетті, өшпейді…? Жәй өмірде жауап көп қой, ал эфирде отырған адамға кәдімгідей қиын-ақ. Неге айтып отырмын, біраз жерде талқыланған сұхбат үзіндісі өзіме кесіліп айналып келді😏 @erbolat_mukhamedzhan мені, мен оны «жейтіндей» болып өткен сұхбат😲 Кто кого 😃 Д-дерзкий конечно он😎 Маған өзіндік қолтаңбасы бар адамдар ерекше ұнайды. #Реванш мүмкін? Ия, айтпақшы марттың соңында #тікелейэфирге шығам. #намёк #құдайқаласа

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

NUR.KZ

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен