jasqazaq.kz

Күзетші 2,5 млн теңге тұратын бұйымды қоқысқа тастапты

09 сәуiр 2018, 16:38

Елордада зергерлік дүкеннің күзетшісі 2,5 миллион теңге тұратын білезіктерді байқамай қоқысқа тастап жіберген. Салмағы 5 килограмм болатын күмістен жасалған авторлық әшекей қоқыс жәшігінде болған.Астанада күзетші абайсызда құны 2,5 миллион теңге тұратын әшекей бұйымдарды қоқысқа тастап жіберген.
Stan.kz хабарлағандай, «Біз тауарды Ақтауға жіберуіміз керек еді. Дүкенде екі күн бойы қоқыс салған қорап болды. Менің ағам қораптағы қоқыстарды лақтырып, онда зергерлік әшекейлер салынған пакетті салып қойған. Мен қоқысты контейнерге тастағанымды білмеймін», – деді күзетші Жандос Әмірхановтың сөзін келтіріп Елорда Инфо.
Күзетші қателік кеткенін бір сағат өткеннен кейін ғана білді. Контейнердегі зергерлік бұйымдарды іздеу кезінде қорап бос болды.
«Зергерлік бұйымдар салынған пәкетті біреулер алып кеткен. Біз оларды белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, яғни үйсіздер алып кетуі мүмкін деп ойлаймыз. Маңайдағы барлық бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Көп камераның ішінде, біреуі қоқыс айналасын бағытталмаған. Мен бұл бұйымдарды таба алатынымызға сенімдімін. Себебі мұндай әшекейлер тек тапсырыспен ғана жасалады, яғни бұл эксклюзивті бұйымдар», – деді Әмірханов.
Оның айтуынша, келтірілген шығынның мөлшері 2,5 миллион теңгені құрайды. Дүкен басшылығы полицияға арыз жазған. Сондай-ақ, күзетші зергерлік бұйымдарды тапқан адамға сыйақы беріледі дейді.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды