jasqazaq.kz

Күрделі ота кезінде гитарада ойнаған ер адам (видео)

06 маусым 2018, 10:07


Үндістандағы Бангалор қаласында ауруханалардың бірінде жүргізілген ота кезінде науқас адам гитарада ойнап, ұялы телефонын қолданып отырды. Денсаулық қауіпсіздігіне қарама-қайшы келетін әрекеттерді жасауға дәрігерлердің өздері рұқсат берген. 

NUR.KZ. хабарлағандай, дәрігерлердің мұндай қылығына заманауи ота жасау технологиясы түрткі болды. Өйткені операция кезінде науқас саусақтарының сезімталдығын қадағалап отыру мұқтаждығынан олар оған гитара мен ұялы телефон ұстатқан.

31 жастағы музыкант Таскин Ибна Али сирек кездесетін ауруға шалдыққан болатын. Оның саусақтары өз еркінен тыс қозғала береді. Оған қоса саусақтар сезімталдығы өте төмен деңгейде болған.
Үндістанның аса мықты дәрігерлері бас қоса, Бангалор қаласында күрделі ота жасауға бел буған. Бхагаван Махавир Джайн ауруханасында біріккен мамандар саусақ сезімталдығына операция жасау үнді медицинасында өте сирек кездесетінін айтты.
Таскин Ибна Алиге істелінген ота кезінде, дәрігерлер оперцияның дұрыс немесе бұрыс бағытта жүріп жатқанын тексеру үшін оның саусақтарының сезімталдығын сынап көрді. Олар науқастың қолына гитара ұстатып, артынша ұялы телефонды қолданып көруді талап еткен.
Операция кезіндегі дәл осы сәттерді видеоға түсірген медицина қызметкерлері оны желіге жүктеп жіберген. Науқастың әрекеттерінен бастапқыда бейхабар болған көпшілік оның қылығынан шошып қалып, артынша дәрігерлердің заманауи технологияларының дамуына өз оң пікірлерін білдірді.
Таскинге жасалынған ота сәтті аяқталып, енді оның саусақтарының қимыл-қозғалысы толығымен өзіне тәуелді болған.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр