jasqazaq.kz

«Күнделігімізді» көрші көріп отыр

13 сәуiр 2018, 11:14

Бізге мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу кезінде отандық бизнестің шетке ысырып жатқаны туралы шағым түсіп жатыр. Соның бірі – көпке бұрын белгілі болмаған kundelik.kz бағдарламалық өнімі.

Оның мазмұны мен кімге қажетті екеніне тиіспей тұрып, ол бағдарламаны жасаушыларға мән бермей кетуге болмайды. БАҚ-қа сенсек, 2016 жылдың наурызында әзірленген бағдарламаның құрылтайшысы «Кundelik» ЖШС, қазақстандық заңды және жеке тұлғалармен бірге Ресейдің «Дневник.ру» жауапкершілігі шектеулі қоғамы (ЖШҚ) болып табылады. Бұған қоса, қазақстандық компанияның 45 пайыздық үлесі «Дневник.ру» ЖШҚ-на тиесілі. Яғни ресейлік платформаның базасында қазақстандық электрондық күнделік жұмыс істеп тұр.
«Ақ жол» фракциясы 2017 жылдың қыркүйек айында қазіргі білім жүйесінің жағдайында басқа елге кетіп жатқан жастардың мәселесін көтерген. Ал енді келіп, ұзақ уақыт бойы оқушыларымыздың үлгерімін қамтамасыз етуде шетелдік компанияны жұмылдыру қаншалықты тиімді? Үздік оқитын балалар ешқандай ұлттық бірыңғай тест тапсырмай көршілес елдердің жоғары оқу орындарына түсуіне жайлы жағдай жасайтыны анық. Осыған байланысты бірнеше сұрақ туындайды?
Неліктен білім және ғылым министрлігі (БҒМ) белсенді түрде насихаттайтын Бірыңғай электрондық күнделік Ресейдің платформасында жасалады? Ал бізде 2010 жылдан бастап ел ішіндегі мектептерде сапасы одан кем түспейтін «Инновациялық технологиялардың орталығы» әзірлеген бағдарламалық өнімдер бар. Неліктен шетелде үлесі бар компанияға оқушылар мен ата-аналардың жеке мәліметтері беріледі? Неге шетелге қатысы бар жеке компания ақпараттық жүйелердің бірыңғай мемлекеттік операторға тиесілі БҒМ сервисін қолданады? Неліктен мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасын жүзеге асыруға жауапты атқарушы мен қазақстандық мердігердің өтініші шетке ысырылды?
Осы мәселеге байланысты мына сауалға министрліктің жауап беруін сұраймын. Біріншіден, жоғарыда аталған жоба бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша келісім жасалды ма? Жасалса кіммен жасалды? Екіншіден, 2017 жылдың 4 наурызында өткен «Атамекен» Ұлттық палатаның отырысындағы қайта конкурс өткізуді ұйымдастыру неліктен өткізілмеді?

 

 

 

 

Кеңес ӘбсӘтіров,
Мәжіліс депутаты
(Депутаттық сауалынан)

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды