Күліп келген қарыз жылап қайтады

30 сәуiр 2021, 10:45

Бұрын кредиті бар адам көрсек, таң қалатынбыз. «Қай банктен алдың? Қанша пайыз? Ол ақшаны ай сайын тауып бере аласың ба?» деп жата кеп жабысатынбыз. Қазір несиесі жоқ адам көрсек, әлгіні айналсоқтап шықпайтын болдық. «Ойпырмай, қандай бақытты жансың? Кредитсіз өмір сүрген қалай екен? Не үшін несие алмай жүрсің?» деп құдды несие алу жазылған заң сияқты көреміз. Өйткені, несиесіз адам жоқ қазір. Алыстан іздемей-ақ қойыңыз, айналаңыздағы үш адамның екеуінен сұраңызшы, банкке берешек болып шығады.

Бұрын жұрт несиені амалсыздан алатын. Ақша таппай қатты қиналғанда, үй немесе көлік алғанда банкке жүгінетін. Қазір ұялы телефонды, киім-кешекті қарызға алып, тіпті қарызға тамақтанатындарды қайтесіз?

Қарыздың аты – қарыз, қайтару керек. Бірақ адамның бәрі бірдей емес. Біреу алған ақшасын киім кимей, тамақ ішпесе де, уақытында қайтаруға тырысады. Ал кейбіреулер ақшасы бола тұра, несиені тегін ақшадай көреді. Әдейі қайтармайды немесе кешіктіреді. Сөйтіп банктің «қара тізіміне» енеді.

Осы аптада Сенаттың отырысында отандастарымыздың несие тарихы туралы айтылды. «Қара тізімге» енген қандастарымыздың хәлі сөз болды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, 6,7 млн адам банкке берешек екен.

Оның ішінде 1,5 миллион азамат несиесін төлеп үлгерсе де, несие тарихын «нашар» деп көрсетіпті. Себебі олар қарызын 90 күннен ары өткізіп төлеген, яғни кешіктіріп өтеген.
Агенттік өкілінің айтуынша, осындай түрлі себептерге байланысты, банктер мен микроқаржы ұйымдары бұл адамдарға жаңа несие беруден бас тартқан. Олардың ішінде 489 мыңы 5 жылдан астам уақыт бұрын несиесін кешіктіріп төлегендер. Енді олар ақша қажет болған жағдайда банктен несие ала алады. Ал 7 жыл бұрынғылардың саны – 346 мың, 10 жыл бұрынғысы – 107 мың адам… Н.Әбдірахманов: «Несие тарихы нашар адамдарды тізімнен шығаруды – 10 жылдан
5 жылға дейін қысқарту экономикалық және әлеуметтік жағынан да қоғамға үлкен әсер етер еді», – деді. Демек бұған дейін банктің «қара тізіміне» еніп, несие ала алмай жүрген азаматтар қайтадан несие рәсімдей алады деген сөз.

Парламет отырысында бұдан былай коллектордың борышкерге қоқан-лоққы жасай алмайтыны туралы да айтылған. Сенаторлар қабылдаған заң оларға бөгде адамдардың телефон нөмірінен борышкерге хабарласуға тыйым салады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті. Сенаторлардың пікірінше, бұл талап коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды.
Қазақта «Күліп келген қарыз жылап қайтады» деген сөз бар. Несие төлеу оңай көрінгенімен, ай сайын отбасы бюджетінен ойып беру қиын-ақ.

Жарас Кемелжан

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»