Филолгия және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы оқытушылары мен студенттері университетімізге үлкен жетістікер әкелді. Атап айтсақ, Францияның Қазақстандағы Елшілігі — Француз Альянсі және Қазақстандағы француз тілін оқыту орталықтары, Республикалық француз тілі оқытушылары бірлестігі ұйымдастырған «Француз тілі күндері» конкурсына қатысты. Бұл конкурс жыл сайын сәуір айында ұйымдастырылып отырады. Конкурс мынадай бөлімдерден тұрады: «Видео-конкурс», «Елшілік диктанты- Посольский диктант», «Фото-конкурс», «Көркем-сөз оқу», «Эссе жазу», «Конкурс-презентация», «Аймақтық мозаика».
Көркем сөз оқу сайысында Әлімбай Айкерім «L’Ardeur» (Пыл и рвение) тақырыбы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өз талантымен, көркем сөз оқу мәнерімен қазылар алқасы мен көрермендерді тәнтті етті. Жоғары деңгейде көрсеткен өнері ерекше бағаланып Сорбонна Институты магистрантынан озып Әлімбай Айкерім 1-орынды иеленді, ал 3- орынды тағыда біздің университет студенті Абдикаримова Айгерим иеленді.
Ауызша Презентация-конкурсы бойынша «Ma ville parle français» (Менің қаламдағы Француз тілі) университетіміздің 4-курс студенті Досумбекова Мадина өз өнерін ерекше көрсетіп 1-орынға ие болды.
Эссе жазу конкурсы бойынша «Droit à la différence et la différence des droits»,(Право на отличие и различие в правах) тақырыбында Солтонова Динара 2–орын ; Асель Кажбулатова — 1- орындарды иеленді;
Елшілік диктанты- «Посольский диктант» конкурсы бойынша 2 курс студенті Солтонова Динара 3-орынға ие болды.
10 — Халықаралық француз өлеңдері байқауында факультетіміздің 2-курс студенті Махмут Диана қатысып өз өнерін көрсетті. Жетекшісі кафедра оқытушысы-Әбікенова Ж.Ж.
ҚазҰУ студенттерінің осы конкурсқа қатысып, өз өнерлері мен білімдерін жоғары деңгейде көрсеткендері үшін жетекші оқытушылары Мукаева А.У., Камзина А.А “Honneur” дипломдарымен марапатталды.