jasqazaq.kz

Көршің мазасыз болса …

14 қантар, 14:14

Пәтерлердегі түнгі жөндеу жұмыстары, шулы кештер мен музыканың қатты дыбысы сізге таныс па?

Көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін түнгі тыныштық – бейбіт өмірдің маңызды бөлігі. Алайда, бұл ережені бұзатындар аз емес.
Түн тыныштығының маңыздылығына заңгер Нұрболат Ибраев назар аударды:
– «Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 437-бабына сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салынады. Бұған қатты музыка қою, шулы отырыстар өткізу немесе ойын-сауық орталықтарының музыка деңгейі жатады. Бұл үшін арнайы әкімшілік жаза қарастырылған,» – дейді ол.

Жаз мезгілінде футбол алаңдарындағы шу немесе түннің бір уағында көшедегі жастардың айқайын басу үшін полицияға шағым жиі түседі екен. Тұрғындар демалысқа мұқтаж, әсіресе ертеңгісін ерте тұратындар үшін бұл үлкен мәселе. Ал нәрестенің жылауы сияқты табиғи жағдайлар құқық бұзушылық деп саналмайды.

Статистика не дейді? Былтыр елорданың өзінде түн тыныштығын бұзу бойынша 20 мыңнан астам шағым тіркелген. Бұл тек бір қаладағы көрсеткіш. Көпқабатты үйлердің тар дәліздерінде дауыс жаңғырып, көршілер арасында дау тудыратын жайттар жиі орын алады. Алматы тұрғыны бұл жағдайдың алдын алу үшін әр адамның жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті:
– «Бәріміз жұмыс істейміз, таңертең ерте тұрамыз. Демалуға мүмкіндік керек. Қалада тәртіпті сақтаған дұрыс. Бұл әсіресе жастарға берілетін тәрбиеден басталады,» – дейді ол.
Заң бұзушыларға белгіленген айыппұл мөлшері әртүрлі. Қарапайым азаматтар үшін 5 АЕК, шағын кәсіпкерлерге 20 АЕК, ал орта кәсіп иелеріне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал шетел тәжірибесіне сүйенсек, Оңтүстік Кореяда түн тыныштығын бұзғандар 100 мың вон (шамамен 35 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Тәртіп – ортақ мәдениет белгісі. “Өз үйімде не істесем де өзім білемін» деген көзқарас көршіге құрметсіздікті білдіреді. Жауапкершілік танытып, өзгелердің құқығын сыйлау – саналы қоғамның белгісі.

Олжас Әбдіхалық

Фото: kzvesti.kz

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр