jasqazaq.kz

Колледждер базасында АЭС-ке арналған мамандықтар ашылады

08 қантар, 12:07

Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жұмысшы мамандықтарының 43 кәсіби стандарты өзектендірілгенін, жаңа мамандықтар мен біліктіліктер анықталғанын, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестердің жұмысы жандандырылғаны туралы айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, ол биыл энергетика саласында жаңа мамандықтар бойынша 4 кәсіби стандарт әзірленетінін және 29 кәсіби стандарт, оның ішінде атом саласында жаңартылатынын атап өтті.
Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 жоғары оқу орны мен 200-ден астам колледжді қамтитын кадрлар даярлау жұмыстары құрылды, онда ОЭК мамандарын даярлау жүргізілуде.

Энергетика үшін кадр даярлауды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж жүзеге асырады, онда электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия саласындағы 7 мамандық бойынша 19 мыңға жуық студент оқиды.
Электр генерациясының жаңа нысандарының құрылысын, тұтынудың белсенді өсуін және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтардың тек энергетикаға деген қажеттілігі 20 мыңнан асады деп болжануда.
АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында АЭС үшін персонал даярлау үшін мамандандырылған мамандықтар ашылатын болады.
«Электротехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықты Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары – Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институты жүзеге асырады, олар колледж студенттерінің ядролық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибе өткізу базасы болып саналады», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр