jasqazaq.kz

Көлік жүргізу құқынан айырылғандар автобус тізгіндеп жүр (видео)

26 қантар 2018, 17:10

Орал қаласында өтіп жатқан «Автобус» жедел алдын алу шарасының алғашқы нәтижелері көңіл көншітерлік емес. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Тек соңғы 3 күннің ішінде жол полицейлері қоғамдық көліктердің 230 мәрте ереже бұзғанын анықтады. Тәртіпке бағынбайтындар негізінен, қалаішілік бағыттарда қатынайтын көлік жүргізушілері болып шықты. 67 жағдайда олар жолдағы қозғалыс қағидасын сақтамаса, тағы осыншасы рөлде келе жатып телефонды пайдаланған. Тұлпарын техникалық байқаудан өткізбегендері мен жылдамдықты асырғандар да аз емес. Ал екі жүргізушінің тіпті тиісті куәлігі жоқ болып шыққан. Өз қызметкерлерін қажетті құжатсыз желіге жіберген автопарк басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Миржан Баймұқашев, БҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы: – Тексере келгенде белгілі болғандай, жүргізушілердің бірінің көлік жүргізуге мүлде құқы жоқ болып шықты. Себебі соның алдында Орал қалалық әкімшілік соты оны мас күйінде рөлге отырғаны үшін жазалаған. Ал екіншісі өз куәлігін үйде ұмытып кеткен. «Автобус» жедел алдын алу шарасы ақпанның 18-не дейін жалғаспақ.

 

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті