Алматыдағы Көкжиек шағын ауданында қабатты үй өртенді. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай 300 адам сыртқа шығарылған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің аумағы 100 шаршы метрді құрады. Өртті ауыздықтау үшін 70 адам, 20 арнайы техника жұмылдырған.