jasqazaq.kz

Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагер әйелдің басын кесіп алған

25 мамыр 2018, 11:11

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік оқиға! Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адам саудагер келіншектің басын кесіп алған.

КТК хабарлағандай, дегенмен, полицейлер оқиғаның анық-қанығын ашып айтпай отыр. Ал қанды қылмыстың өзі Шу станциясында болған.
Отарба осындағы темір жол вокзалына тоқтаған соң, коммерсант әйел жолаушыларға киім-кешек, азық-түлік ұсынып вагон ішіне кірген. Тек тамбурдан өте бергенде соқталдай жігіт денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, тамағынан орып жіберіпті. Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырған. Ал, қаскөй сол мезетте-ақ ұсталғанымен, мұндай қанды қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмапты. Өйткені, ақыл-есінде ауытқу бар дейді полицейлер. Өзінің де диспансерден ем қабылдап шыққан беті көрінеді. Қасында анасы болған деген ақпарат бар. Енді осы ауруына байланысты жазадан да құтылып кетуі мүмкін.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

— Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен