jasqazaq.kz

«Кінәлілер жауапкершілікке тартылады». Бектенов Саран әкіміне қатаң ескерту жасады

15 қазан 2024, 12:01

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақылауда екенін мәлімдеді.

Үкімет отырысында Саран қаласында жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев  атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен қазір тексеріс жүріп жатқаны белгілі болды.

«Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады», — деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, бәрін тексереді.

«Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыс құрамы болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деп ескертті Бектенов.

Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды. Кейін қала әкімі Еркін Баулықов тұрғындардан кешірім сұрап, жақын арада пәтерлерге жылу берілетініне ​​уәде берді.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда