Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.
Ал бұл видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жаңаарқалықтарды асыра сілтеді деп айыптаса, енді бірі Майғазиевті осылай күтіп алуға лайық әнші десті.
Оқырмандар «Еліне елеулі адам деген осындай ғой», «Не деген қошемет», «Жақсылап тұрып күтіп алыпты ғой сізді», «Осы бағыңыздан айырмасын», «Жақсы ғой. Бірақ әйел адамның төс қағыстырғаны ыңғайсыз екен. Қолыңызды алатын бір ер азаматтың болмағаны ма?» деп жарыса жазды.