jasqazaq.kz

Киелі жерлердің мәртебесі заңмен бекітіледі

15 қантар 2018, 16:48

Елімізде алдағы уақытта тариxи нысандарды қорғау заңнамасына өзгерістер енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, тариxи-мәдени нысандар туралы заңда киелі жерлердің нақты мәртебесі жазылады. «Қасиетті жерлер» деген арнайы тармақ болады. Оған дейін мемлекеттік тізілім жасалады. Аталған тізілімді құзыретті орган — Мәдениет және спорт министрлігі жасайды да, әрбір нысанның ғылыми-сараптамалық төлқұжатын енгізеді. Ал тариxи нысанның төлқұжаты болып, тізілімге енсе, оның нақты мәртебесі болады деген сөз», — деді Б.Әбдіғалұлы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумында. Ғалымның айтуынша, осымен киелі жерлерді анықтау жұмысы аяқталып отырған жоқ. Зерттеулер жалғаса береді. Талқылау шаралары да жүреді. Соған қарай киелі жерлердің тізіміне өзгерістер енгізіліп тұрады. «Біздің сараптамалық кеңесімізде тізім мақұлданды. Дегенмен, толықтыру, іздестіру жұмысы жалғаса береді», — деп атап көрсетті Б.Әбдіғалиұлы. Айта кетейік, бүгінгі форум аясында «Руxани жаңғыру» залы ашылды. Форумның басында жалпыұлттық және аймақтық маңызы бар тариxи нысандарға арналған екі жинақ таныстырылды. Сол жерде «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы тариxи нысандарды іректеу жұмысының қалай жүргізілгенін, не үшін ғылыми дәйектерге ғана емес, аңыз-әңгімелерге де басымдық берілгенін айтып берді.

 

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан