jasqazaq.kz

Қызының мұрнын тістеген əке қамауға алынды

14 қантар 2018, 14:50

Алматы облысында 3-жастағы қызды аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған өгей әке қамауға алынды.

Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов мәлім етті. «Бастапқыда күдіктінің үстінен ҚР ҚК 107 бабына сәйкес «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» іс қозғалған. Қазір 107 бап ҚР ҚК-ң 106 бабына «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» ауыстырылды», деп мәлім етті К. Нұрахметов. Айта кету керек, кішкентай қызды аяусыз тістелеген 1986 жылғы күдікті бұған дейін екі рет сотталған. Ол 2005 және 2013 жылдары зорлауға талпыну және тонау қылмыстары бойынша жауапқа тартылған. Өгей әкеден жәбір көрген 3-жастағы қыз ауруханада 20 күн бойы ем қабылдады. Енді баланың мұрнына пластикалық ота жасау қажет. Естеріңізге сала кетейік, сұмдық оқиға Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында болған. 3 жасар қызы бар Аяулым Матаева Ринат есімді еркекпен азаматтық некеде пәтер жалдап тұрған. Қайғылы жағдай болған күні ішімдікке тойып алған күйеуі әйелін араққа жұмсап жіберген. Ол кезде бүлдіршін шырт ұйқыда екен. Аяулым дүкеннен оралғанда Ринаттың баланы қинап жатқан жерінен түскен. Бұл кезде өгей әке баланың мұрнын тістеп, жұлып алып үлгерген.

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан