jasqazaq.kz

Қызын пышақтаған қостанайлық 14 жыл бұрын әйелін өлтірген

24 мамыр 2018, 18:14

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтірген ер адамға қатысты іс қаралып жатыр.

Сот отырысы барысында Сергей Клепиков қызын өлтірген күні не болғанын айтып берді.

«Жұмыстан кейін шамамен сағат 19.00-де досыммен бірге сыра іштік. Сосын үйлерімізге қайттық. Үйге келіп, қызыммен амандасып, жоғарыға қарай көтерілдім. 15-20 минуттай демалып жаттым. Сосын төменге түсіп, не болғанын білмеймін, қолыма пышақ алып, қызыма қарай жүгірдім. Мені кешірмеу керек, өзімді өлтіріп тастағым келеді», — деді сотталушы.

Сондай-ақ, Клепиков қызымен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Айтуынша, олардың арасында ешқашан ұрыс болмаған. Бүкіл жалақысын тек қызына жұмсаған.

Мұнымен қоса, ер адамның 2004 жылы қыздың анасын өлтіргені белгілі болады. Олар сол кезде ажырасқан екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанайда ер адамның 15 жастағы туған қызын тәрбиелеймін деп пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Соттың мәліметінше, ер адам 2016 жылы түрмеден шыққан. Кәмелетке толмаған 2002 жылғы қызымен бірге туған әпкесінің үйінде тұрып келген.

tengrinews.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен