Қызылордада тапа-тал түсте атыс болды.
«Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында орын алған бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Сезіктілер ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Видеода ер адамдардың атысқаны, кейін жерде жатқан адамды бір топ полицейдің көтеріп жатқаны түсірілген.