jasqazaq.kz

Қызылордада «магнит адам» тұрады

04 наурыз 2018, 12:32

Қызылорда қаласында денесіне темір жабысатын адам тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ерекше қабілетті Нартай Тұрсанов осылайша жерлестерін таңғалдырып отыр. Оның мұндай қасиетін білетін адамдар әлдеқашан «магнит адам» деп атап кеткен. Расында, кез-келген адамға темір жабыса бермейтіні белгілі.

Басында өзі де денсаулығымда ешқандай кінәрат жоқ па екен деген оймен дәрігерлер тексеруінен өткен көрінеді. Дәрігерлер тексеруден кейін бұлай алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартыпты. Кейіпкердің өзі де денсаулығын үнемі бақылауда ұстайтынын көлденең тартады. Қан қысымымда ауытқу жоқ дейді. Ол денесіне қарапайым қасық, шанышқы секілді дүниелермен қатар балта, балға секілді ауыр заттарды да жапсырып ала береді. «Мен бұл қасиетті 20 жыл бұрын кездейсоқ байқайдым. Рас, алғашқыда сенбестік болды. Тіпті, дәрігерлерге де қаралып көргенмін. Олар денсаулығымда ешқандай ақау жоқ екенін айтып көңілімді демдеді. Сосын бойымдағы тылсым қасиетімді алғашқыда әбден тексеріп алуға көңіл бөлдім. Кейбір ауру түрлеріне емшілік жасауға да назар аудара бастадым. Оның сыры бойымдағы магниттік қасиеттің ерекшелігінен деп санаймын», — дейді Н.Тұрсанов. Нартайдың айтуынша, әкесі Махамбетқали Тұрсанов — елге белгілі адам. Ол кезінде қазақтың айтыс өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған. Бабаларының бірі — Биікбай батыр, әруақты кісі болған деседі. Сол ерекше қасиет ұрпағы — Нартайға жұғысты болған-мыс.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен