jasqazaq.kz

Қызылордада 15 жастағы қызға үйленіп, жүкті қылған жігіт 12 жылға сотталып кетті (Видео)

21 қантар, 11:57

Сурет: Видеодан кадр

Қызылорда облысында 15 жастағы қызға үйленген жігіт 12 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды jasqazaq.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

21 жастағы Нұртілеу Ибрагимов пен 15 жастағы Аяла Жүрсіннің ата-аналары үйлену тойын дүркіретіп өткізген. Олар некесін молдаға қидырып алған. Аяла кейін жүкті болып, дәрігерге көрінеді. Емханадағылар бұл ақпаратты полицейлерге айтып, жас жұбайлардың өмірі күрт өзгерген.

Гүлбану Әшірбаева, сотталушының анасы: Бала түсіп қалатын қаупі бар деген соң УЗИ-ге түсірдік барып. Бір аптадан кейін РОВД-ға шақырды. Содан тергеу басталды. Үш ай баламды тергеуді сандалтып. Мынау әншілердің қызы кетіп жатыр ғой. Қанша әншілердің қыздар кетіп жатыр ғой. Оларға заң жоқ та бізге келгенде заң бар ма? Педофил қылып көрсеткен баламды, содан 12 жылға соттап жіберді.

Аяла Жүрсін әлі күнге дейін күйеуінің үйінде келіндік қызметін атқарып жүр екен.

Аяла Жүрсін: Мен бұл үкімге келіспеймін, күйеуімді босатып беріңдер дедім. Мысалы былай қарап отырсақ, 15 жастан үйленіп жатқандар көп қой. Бірақ солар бақытты болуға лайық та, именно біз неге бақытты болуға лайық емеспіз деген мен де сұрақ қой. Не үшін менің күйеуім жазықсыздан жазықсыз түрмеде отыр.

Сот үкімі 2024 жылы қарашада шыққан.

«Нұртілеу Ибрагимов ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған педогогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы айыра отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — делінген соттың хабаралмасында.

Енді ата-аналары Жоғары сотқа шамданбақ.

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр