jasqazaq.kz

Қызылорда облысында менингит ауруы тіркелді

01 маусым 2018, 11:04

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында менингококк инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Қатерлі дертке шалдыққан 1991 жылы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған. Аталмыш жағдайға байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы штаб құрылды. Мамандар эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыруда. «Науқаспен тығыз қарым — қатынаста болған 11 азамат анықталды. Қазір бұл кісілер дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа және тамшы арқылы таралатыны белгілі. Осы ретте, тұрғындар сақтық шараларына мән бергені дұрыс. Алдағы уақытта вакцинация жұмыстары атқарылатын болады», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді