Қызылорда облысындағы 15 қызметтік көлік өз мақсатына қолданылмаған. Бұл мәліметті Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады. Департаменттің мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік қызметкерлердің отбасы көлікті өз мақсаттарына пайдаланған.
Көпшілігі жұмыс уақытында сауда орталықтары мен мектепке баруды жөн санапты. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті спорт, әскери, экология саласындағы шенуніктерді тексерген. Алдағы уақытта облыс бойынша мұндай тексерулердің жиі болатыны ескертілді.