jasqazaq.kz

Қыз тәрбиелеп отырған ата-ана қандай салт-дәстүрді білуі керек? (видео)

31 қантар 2018, 11:54

«Қызым саған айтам». Осындай атаумен Шымкенттегі әдеп — ғұрып және салт – дәстүр орталығында алғаш рет қыздар арасында сырласу кеші ұйымдастырылды. Ұлттың ұйытқысы, шаңырақтың шырайы саналатын нәзік жандардың тәрбиесі қашан да қоғам назарында. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды, дейді мамандар.

Шешесі қызды мақтаса, ондайға сірә бармағың, жеңгесі оны мақтаса, жөн болады алғаның. Қызым саған айтам, – деп, келінін жөнге салатын қазақы тәрбиеде қыз бен жеңгенің арасындағы сыйластық ерекше. Орталық директорының сөзінше бүгінде мекемеге келіп, қазақтың әдет – ғұрыпы туралы ақпарат алғысы келетіндер саны артуда. Шымкентте алғаш рет сырласу кеші қолға алынған. Қазір нәзік жан иелері заман талабына сай қоғам үдерісінен қалмауда. Алайда заманға сай болам деп қазақ қыздарына тән игі қасиеттен айырылып қалатын жағдайы тағы бар.

Жәнібек ТАҒАЕВ

Әдет – ғұрып және салт – дәстүр орталығының директоры

Халықты тойдыратын егін, елді бақытты қылатын келін дейді. Қызым саған айтам келінім сен тиыңда деген сияқты. Қазіргі таңда жастардың тәлім тәрбиесі анадан, әжеден, даналардан көп үлгі алса, қазақтың салтын толық жетік біледі деген ойдамын.

Дәстүр бойынша ер баланың кіндігін ырымдап үйкүшік болмасын деп үйден алыс, адам аяғы баспайтындай жерге көмген. Ал, қыз болса үйдің берекесі болсын деп от басы ошақ қасына көмген. Қыз 13 ке толғанда оң босағаға шығару дәстүрін орындайды. Осы кезден бастап ата – анасы жасауын дайындап, жеңгелері болса ұзатуда киетін сәукелесін безендіруді қолға алған. Сәукеледе нәзік жанның тәрбиесі, мінезі суреттеледі. Соған қарап, қалың мал құныда берілген көрінеді. Алайда қазір бұл дәстүрді барлығы бірдей сақтай бермейді.

Гүлшат ЖАҚАНҚЫЗЫ

«Ғылыми – ағартушылық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы

Қыз баласын елге әйгілі әулеттің беделді ибалы, тәрбиелі келіндерге кестірген. Сондағы ерекшелігі қыз баласының беліне екі түйіншек байланады. Оның біреуі байлау белмек, екіншісі жүгіртпек деп аталады. Біріншісінің ішінде қыздың тұсауын кесетін ниеттенген адамға жасауы кәдесиы болады. Екіншісінде жас балаларға арналған тәттілер.

Ұлттық құндылығымызды жаңғырту мақсатында, салт — дәстүрді дәріптейтін сырласу кештері жиі ұйымдастырылады. Орталықтың ашылғанына небəрі 3 жыл болсада, мамандар көшпелі жиынды аудандарда өткізуді қолға алған.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен