jasqazaq.kz

Қытайда 6 қазақ депутат болып сайланды

27 ақпан 2018, 10:54

Қытайдың жоғары заң шығарушы органы -Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 13-шақырылымына 6 қазақ депутат болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синьхуа агенттігінде жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ ұлтының 6 өкілі кірді. Олардың бесеуі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, біреуі Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланды. Оның есімі — Мақпал, тегі жарияланбай отыр. Айта кетейік, Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ депутатының сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Ал бұған дейінгі 12-шақырылымға Шыңжаң өлкесінен 5 қазақ депутат сайланған болатын. Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін созылады. Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды. Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр