Қытайда «есірткі тасымалдады» деген күдікпен ұсталған қаршадай ғана қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне ақпан айында нүкте қойылуы мүмкін деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ.
Бұл туралы туралы істі болған арудың анасы айтты.
«Ақжарқынның ісі бойынша сот үкімі 2017 жылдың соңында шығады деп күткен едік. Қазір хабар жоқ, әділдік орнайтынына сенімдіміз. Ақпан айында Қытайда жаңа жыл басталады ғой. Алдағы бір айдың ішінде, ақпанның он бестеріне қарай сот үкімі шығады деп үміттеніп отырмыз. Күтуден басқа шарамыз жоқ…
Қытайдағы консул жаңа жылда абақтыға барып, жағдайын сұрағанын білемін. «Бәрі жақсы» деп сәлемдеме айтып жіберіпті. Шынымды айтсам, жағдай қалай боларын да білмеймін. Тағатсыздана күтіп отырмыз», — деді Ақжарқынның анасы.
Естеріңізге сала кетсек, небәрі 20 жасында «есірткі затын тасымалдады» деген айыппен Қытайдың Гуанчжоу қаласында ауыр жазаға тартылған оңтүстікқазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай алғашында өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасын алды.
Кейін оның қорғаушылары сотқа аппеляциялық шағым түсіріп, қазақ қызының жазасын жеңілдетіп, жазаны өз елінде өтеуін сұрады.
Төрт жылдай ғұмырын абақтыда өткізіп отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың көру қабілеті нашарлаған. Абақтыда жатқан ол ағылшын және қытай тілін жетік меңгеріп алған.