Мынау — Қытайдың 2-ші дәрежелі халық артисі санатындағы Гао деген өнерпаз. Жетігенші. Жанында төрт өнертанушысы бар, өзімен бесеу — Алматыға шекті аспаптарды, әсіресе жетіген аспабын зерттеуге келіпті. Келген бойда біздің жетігенші өнерпазымыз, мақтанышымыз Нұргүл Жақыпбекті іздеп тауыпты. Бізді Нұргүл ханым таныстырды.
Нұргүліміздің мықты жетігенші екенін, талай шәкірт тәрбиелегенін біле бермейміз. Ал бұлардың бір жетігеншісінің артында төрт зерттеушісі жүр…
Жетіген аспабы — арфа сияқты, анау-мынаудың қолы жете бермейтін, кез келген адам меңгере алмайтын, көп адам түсіне бермейтін аспап қой. Арфа секілді ақсүйектер аспабы деңгейіне көтеруге болады. Оған құлық қайда…
Жетіген — қазақтың көне аспабы. Жоғалып кеткен жәдігерді 80-ші жылдары, қателеспесем, Өзбекәлі Жәнібеков жаңғыртты…
Қытайға бұл аспап түркілермен бірге барған деген дерек бар. Бүгінде қытайдың төл аспабына айналған. Гаоның айтуынша, бұл аспапты ол жақта мыңдаған адам ойнай алады екен…
https://www.facebook.com/100001010054707/videos/1793907267319591/?t=63
Сәуле Әбілдаханқызының facebook парақшасынан алынды