jasqazaq.kz

Қырғызстан шекарасында бір топ адам ұсталды

06 сәуiр 2018, 11:17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Қырғызстанмен шекарада бір топ адамды ұстады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен Қырғызстан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы ірі қара малдарын заңсыз тасымалдау тоқтатылғаны айтылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл іс-шара ҰҚК әскери қарсы барлау бөлімінің, Жамбыл облысы ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының және «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштерін тартумен өткізілді. «Меркі ауданының кейбір тұрғындары Қырғызстан Республикасында ұрланған малдарды Қазақстанда сату үшін мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтетіндері анықталды. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде түнгі уақытта ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесінде Меркі ауданның тұрғындары 13 бас ірі қара малын шекарадан кедергісіз өткізуді қамтамасыз етуі үшін шекара қызметшісіне пара бергендері рәсімделді», — делінген хабарламада. Пара берушілердің тапсырмасы бойынша Қырғызстан аумағынан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, заңсыз жолмен мал басын өткізгендері үшіншекара бекетінің аумағында қазақстандық төрт азамат ұсталды. «Сонымен қатар, бір мезгілде пара беру дерегі бойынша күдікпен пара беруші екі азамат ұсталды. Қазіргі таңда осы тұлғаларға қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өту дерегі бойынша материалдар жеке өндіріске бөлініп, тергеу реттілігі бойынша жіберіледі», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды