Қырғызстан азаматы Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан героиннің ірі партиясын өткізбек болғанда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Меркі теміржол шекаралық бақылау бөлімінің жасағы қызметтік иттің көмегімен Қырғызстанның 55 жастағы азаматын ұстады. Ол «Бішкек — Мәскеу» бағдарының пойызымен 2 килограмға жуық героин алып өтпек болған. Есірткі затты көрші елдің азаматы түбі созылатын жол сөмкесіне жасырған. Осы факті жөнінде құқық қорғау органдарының өкілдеріне хабар берілді.