jasqazaq.kz

«Құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі»

17 мамыр 2018, 13:10

Алматылық тұрғын біреулердің оны құлдыққа салып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта бұл іспен адвокат Айман Омарова айналысып жатыр.

Адвокаттың айтуынша, Сейфуллин даңғылында орналасқан притонда Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан және Қазақстан азаматшалары мәжбүрлі қызмет көрсеткен. «Маған ұзақ уақыт бойы құлдықта болған қыздар көмек сұрап хабарласты. Бұл тек бір қызға қатысты емес, құлдықта Қарақалпақстан, Өзбекстан мен Қазақстан азаматшалары да болған. Мен сол қызбен сөйлестім. Ол маған анасымен бірге интернатта тұрғанын, әкесінің өлімінен кейін осы мекемеден көщіп, жұмыс іздей бастағанын айтты. Содан бір такси жүргізушісі одан үй жинаутын адам керектігін айтып, жұмыс ұсынған. Алайда соңында оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Түнгі уақытта притонда жұмыс істеуіне тура келген. Қыздың айтуынша, притон Сейфуллин даңғылы мен Варшавский көшесінің қиылысында орналасқан», — дейді Айман Омарова. «Біз ҚР Бас прокуратурасынан комиссия құрып, осы мәселеге назар аударуын сұраймыз. Осы адамдарды тауып, оған кімнің басшылық етіп отырғанын тауып беруін сұраймыз. Бұл өздерін қорғай алмайтын әйелдерге қатысты болып тұр», — деді адвокат. Алматы қалалық ІІД мәліметінше, қыздың арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 308-бабы бойынша («Жезөкшелiкпен айналысуға тарту») сотқа дейінгі бірыңай тергеу реестріне тіркелді. Күдіктілер анықталды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл қыздың 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының криминалдық есебінде тұрғанын айтып өтті. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыз осыған дейін бірнеше рет полицияға жеткізілген.

Tengrinews.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен