jasqazaq.kz

Құлаш ұрып құзға, шыңға, асқарға…

28 сәуiр 2023, 20:20


Астана қаласында Қазақстан тарихында тұңғыш рет аутизмі бар балаларға арналған «Шекарасыз шыңдар» атты спорттық құзға өрмелеу фестивалі ұйымдастырылды.
Игілікті іс-шараның ашылу рәсіміне Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, бір топ Мәжіліс депутаттары мен меценаттар қатысты.

Олар өз сөздерінде біздің қоғамда бір де бір бала жүрек жылуынан тыс қалмай, мемлекеттің аялы алақанын сезінулері керек дегенді атап айтты. Сонымен қатар олар осы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған азаматтар мен ерекше балаларды тәрибелеп отырған ата-аналарға ризашылықтарын білдірді.

Бүгінгі «Шекарасыз шыңдар» фестивалінде «Qadam Special School» орталығында тәрбиеленіп жүрген ерекеш балалар қатысып, өздерінің спорттық дағдыларын паш етті.
Мамандардың айтуынша спорттық құзға өрмелеу бұл бірсарындылықтан аулақ болып, белсенді қимылдап, барлық бұлшық еттерді қоғалысқа түсіретін ерекше спорт түрі. Осының бәір балалардың бойында ептілікті, төзімділікті, қозғалыстарды үйлестіруді және логикалық ойлауды дамытады. Өскінішке орай соңғы онжылдықта аутистикалық спектрінің бұзылуы бар балалардың саны он есе артып, бүгінгі күні солардың қатарына әлемдегі әрбір 36 бала жатады.


Ерекше балаларды осы спорт түріне баулу идеясының қалай пайда болғаны туралы Autism Qadam қорының президенті Айсұлу Мәжен былай дейді:
-2018 жылы аутизмі бар балама шаңғы тебуді үйретіп жүргенде мамандар маған қалада құзға өрмелеу алаңын тапсаңыз жақсы болар еді деп кеңес берді. Себебі мүмкіндігі шектеулі жандарға осы спорт түрінің пайдасы шаш етектен екен. 2022 жылы «Vista» спорт клубының басшылығымен уағдаластыққа келіп, арнайы балалар секциясын аштық. Бұл әзірше еліміздегі тұңғыш және жалғыз секция. Біздің бастама енді жер-жерде қолдау тапса екен дейміз. Сол үшін де осы шараны ұйымдастырып, құзға өрмелеудің арқасында балалардың қандай нәтижеге жеткендерін көпшілікке көрсеткіміз келді.
Айсұлудың пікірін ата-аналар да бірауыздан қолдап, құзға өрмелеудің өмірге деген құштарлықты арттыра түсетінін айтады. Мағрипа Молдабекованың ұлы осы орталыққа ең алғашқылардың бірі болып келген екен.
-Бір жыл сегіз айдың ішінде шаңғы, коньки тебуді және осы құзға өрмелеуді үйрендік. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Көп жетістіктерге жеттік. Ұлым қазір орта мектептің бірінші сыныбына барып жүр.
Балаларға айрықша шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шараның соңында кішкентай спортшылардың бәріне естелік сыйлықтар табыс етілді.

Абзал Ибрагим

Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған