jasqazaq.kz

Құдалар етке таласып масқара болды

28 наурыз 2018, 10:28

Қызылордадағы үйлену тойы табан асты пайда болып, арты үлкен дауға ұласқан келіспеушіліктің кесірінен болмай қала жаздады. Онда құдалар ет үшін өзара ұрсысқан.
Nur.kz хабарлағандай, жанжал Қызылорда облысына қарасты аудандардың бірінде болған. Тойға қатысушылардың айтуынша, барлығына кінәлі салтты дұрыс білмеу.
«Менің інім «Адай» руынан келін алып келді. Құдалар басынан-ақ өздерінің мінезін көрсетіп, көп қалың мал сұрады. Баламыздың бақыты үшін біз барлығына келістік.
Беташар жасап, дүркіретіп той өткіздік. Құдалар біздің қонақжайлылығымызға риза болды. Алайда құдалықта бізді өте ыңғайсыз жағдай күтіп тұр екен», — дейді Арман.
Дәстүр бойынша, құдалық үйленіп жатқан жігіттің үйінде болыпты. Алғашында құдалар арқа-жарқа әңгіме айтып, жақсы көңіл-күйде отырған.
«Біз құдаларға алдымен қуырдақ, содан соң бешбармақ алып келдік. Біз жақтағы туыстар тағамның бетіндегі етті алып тураған. Содан үлкен құдаға бір жілік беріпті. Ал әлгі құдамыз соған ашуланып кеткен.
Орнынан тұра сала айқайға басты. Сөйтсек, адайлар жілікті жемейді екен. Біз оны білмеппіз. Туысымыздың әрекеті оны қорлағандай болыпты», — дейді ашуланған азамат.
Арманның сөзіне сүйенсек, жаңа құданың ашуланып кеткені соншалық, ол қызын алып кетіп, бұл елмен біржолата ат құйрығын кесіскісі келетінін айтыпты.
«Ол кісіні барлығымыз жұбатып жүріп, райынан әрең қайтардық. Келін жылап, жігіттің анасы талып түсе жаздады. Абырой болғанда, құдалықтағы тамада қызыл тілді болып, құданы сабасына түсірді. Бұл құдалықты ешқашан ұмытпаспыз. Бізге жақсы сабақ болды», — дейді ол.

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті