jasqazaq.kz

Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтейді?

15 наурыз 2018, 18:30

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков 10 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай түзеу мекемесінде өтейтіні туралы айтты.

«Астанадағы максималды қауіпсіздіктегі бірден-бір колония — 166/10 түзеу колониясы», — деді Астанада қылмыстық-атқару жүйесі бойынша өткен қоғамдық тыңдауда журналистер сұрағына жауап берген Базылбеков. Оның айтуынша, сотталған бұрынғы министрге ешқандай артықшылықтар берілмейді. «Біз бұған дейінгі сабақ болғандықтан, сотталушыларға қандай да бір артықшылықтардың берілмеуін қатаң түрде бақылайтын боламыз. Рұқсат етілетін норма бойынша — оның өмір сүруіне 3,5 шаршы метрден кем емес орын, маусымдық киім, үш уақыт тамақ, медициналық көмек беріледі. Мекеме барақ типтес. Ол 50-60 орынға арналған», — деді ол. Еске сала кетсек, 14 наурыз күні Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен осы іске қатысты өзге де сотталушыларға сот үкімі шыққан болатын. Үкім бойынша Бишімбаев 10 жылға сотталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен