jasqazaq.kz

Қостанайда қызыл империяны аңсаған жастар шеруіге шықты

27 ақпан 2018, 12:49

Қостанайлық студенттер Қызыл әскердің 100 жылдығын тойлап жүргенін әкімдіктегілер білмей қалыпты. Сынның астында қалған билік бүгін осылай ақталып жатыр. Жергілікті Наша газетінің жазуынша, колледждерде оқитын жастар Коммунистік халықтық партиясының мүшелеріне еріп, қаладағы Лениннің және тағы бірнеше ескерткішке гүл шоғын қойған. 

Тіпті, қызыл әскердің құрметіне қолдарына қызыл ту ұстап, қызыл кеудеше киген студенттер саппен жүріп өтіпті. Негізі «Қызыл империяны» жатса тұрса аңсайтын коммунистер сол кездегі мерекелерді қолдап, тұрақты марш, митинг ұйымдастырып тұрады. Ал биыл қатарларына жастарды қосқан. Қосып қана қоймай, біразының саяси көзқарасын өзгертіп те үлгерген сыңайлы. Өйткені, шараға қатысқан студенттер жергілікті басылымға Кеңес үкіметі кезінде жағдай қазіргіден де жақсы болған деп жарыса сұқбат берген. Ал тендерді ғана аңдып отыратын шененуіктер, иектерінің астында болып жатқан бұл саяси шеруден мүлдем хабарсыз.

Саят Шаймұрынов, Қостанай қалалық Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы :

-Заң бойныша, митинг, акция, флешмобтар өткізу үшін алдын ала әкімдіктен рұқсат керек. Бірақ, бізге ондай хат келмеді. 23-ақпанның Тәуелсіз еліміз үшін еш қатысы жоқ, мереке емес. Біз сол жиынға қатысқан жастармен кездесіп, оларды сабақтан кім жібергенін, кім жинағанын тексереміз, сөйлесеміз.

Дереккөз: КТК теларнасы

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр