Түрмеде жазасын өтеп жатқан екі сотталушы коматозды күйде медициналық мекемеге жеткізілді. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы Қостанай облысының бас дәрігері Юрий Моисеев мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Аlau.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.
«Ауруханаға 27 және 38 жастағы ер азаматтар жеткізілген. Олардың жағдайлары ауыр болған. Оларда тыныс алу және жүрек-тамыр қызметі бұзылған. Ер азаматтар уланған», — дейді облыстың бас дәрігері.
Ер азаматтар ауруханада екі тәуліктен соң қайтыс болды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысында органикалық еріткіш ішкен төрт сотталушы қайтыс болды. Осыдан кейін қайғылы жағдай болған түрмеде арнайы желі іске қосылды.