jasqazaq.kz

8 жасар оқушы шынашағынан айырылды

03 мамыр 2018, 15:31

Дәрігерлер Сарыкөл ауданындағы спорт мектебінің тәрбиеленушісінің саусағының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды. Осы іске қатысты тергеу шаралары жүргізілуде.
Ведомствода мәлім етілгендей, оқиға 13 сәуір күні Сарыкөл ауданының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде болған. «8 жасар оқушының сол жақ қолына зілтемірдің дөңгелегі түсіп кеткен. Дәрігерлер баланың шынашақ сүйегін кесіп алып тастады. 28 сәуір күні тиісті сараптамалар құрылды. Соның нәтижесінде процессуалды шешім шығады», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Қазір бұл факт бойынша ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған