jasqazaq.kz

Қостанай түрмесінде төрт адам қаза болды

24 наурыз 2018, 11:46

Қостанай облысында төрт сотталған азамат органикалық еріткіштен уланып қаза тапты.

Қайғылы оқиға 20 наурыз күні Құсмұрын аулындағы ҚК-161/4 орташа қауіпсіздіктегі мекемеде орын алған. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Кешкі уақытта сотталғандардың бір тобы түрменің өнеркәсіптік аумағында, спирт негізіндегі химиялық сұйықты (646 еріткіш) тұтынып, қатты уланған. Жедел жәрдем бригадасы уланған азаматтарды Әулиекөл аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Медициналық сипатта қабылданған шараларға қарамастан, төрт сотталған азаматты аман алып қалу мүмкін болмады», — деп жазылған хабарламада.

23 наурыз күні уланғандардың біреуі жан сақтау бөлімінен арнайы медициналық палатаға ауыстырылды. Қалған 3 ер адам әлі де жан сақтау бөлімінде жатыр.

Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған