jasqazaq.kz

Қостанай тұрғыны танысын тірідей көміпті

03 мамыр 2018, 17:54

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында танысын тірідей көмген 28 жастағы облыс тұрғынына қатысты іс қаралады. Бұл туралы ҚазАқпарат  облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Рудный қаласының екі тұрғыны өндіріс орнында ішімдік ішіп, өзара келіспей қалған. Сәлден соң бірі екіншісін ұрып-соққан. Күдікті бірнеше уақыттан кейін қолына темір алып, жерде жатқан досының кеудесіне 4 соққы жұмсады. «Күдікті еденде қансырап жатқан танысын көріп, оны өлтірдім деп ойлайды. Қылмысын жасыру үшін жәбірленушіні жүк көлігінің шөмішіне салып, Горняцкий ауылының шетіне апарып көміп тастаған. Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленуші соққыдан емес, үсіктен көз жұмған», — делінген облыстық соттың хабарламасында. Күдіктіге ҚР ҚК 99 бабы («Кісі өлтіру») бойынша айып тағылды.

Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған