jasqazaq.kz

Қолы жоқ жігіт тағдырға қарсы тұрды

13 мамыр 2018, 17:41

25 жастағы Мариуш Кедзерский адам нені қаласа, оған қол жеткізуге қабілетінің жететінін бәріне дәлелдеп берді. Әдемі суреттер салып, дүние жүзін аралап, тіпті YouTube арнасында арнайы каналды басқаратын жігіт өзінің асқақ арманына қол жеткізді.

Талантты суретшінің картиналарын әлемнің барлық бөліктерінен кездестіруге болады. Жас жігіт Польша, Австрия, Ұлыбритания, Германия және Түркиядағы көрмеге қатысты. Тіпті қарапайым суретші үшін де бұл үлкен жетістік болмақ. Бірақ Мариуш барлық жетістікке қолсыз жетті. Жас суретші дүниеге келгенде бір қолының жартысы, ал екінші қолы білегіне дейін ғана болған. Бірақ, мүгедектік оның толыққанды өмір сүруіне еш кедергі келтірмеді.Әрқашан көңілді жүретін суретші жай ғана суреттер салып қоймайды, ол оны гиперреализм жанрында бейнелейді. Ал бұл өнер үлкен мұқияттылық пен әр затқа деген егжей-тегжейлі назарды талап етеді. Оның туындылары барша жұтшылықты таңғалдыруда. Бүгінде әлемге танылған суретшінің Мэрилин Монро, Грейс Келли, Джонни Депп және кәрі әжейді бейнелеген картиналарының бәрі өте әдемі салынған.

Суретшінің асқақ арманы, Нью-Йоркте жеке көрме кешін өткізу болған екен. Тағдыр осындай төзімділікке қарсы тұра алмады. Арманына қол жеткізген жігіттің картиналарын енді Үлкен алмадағы Caelum Gallery галереясынан көруге болады. Сондай-ақ, табандылығының арқасында жетістікке жеткен суретшінің жеке сайты және Facebook-та арнайы парақшасы бар. Онда оның парақшасына шамамен 72 мың адам тіркелген.

«Мен оған қараған кезде, тынысым тоқтап қалады. Сіздің жұмыстарыңыз таза, әдемі және жарқырап тұрады. Олар сіздің жан дүниеңіздің айнасы іспетті. Сен суретші болу үшін туылғансың және саған ештеңе кедергі келтірмейді»,-деп пікір жазған желі қолданушылар.

 

stan.kz

 

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен