jasqazaq.kz

Қолтырауынды 20 жыл бойы үйінде асырап келген

09 ақпан 2018, 10:41


41 жастағы Мұхаммед Айван 1997 жылы Индонезиядағы Батыс Явадан 2 долларға жаңа туған қолтырауынды сатып алған. Балықшылардан алған қолтырауынды Коджек деп атап, үйіне алып келген.

Иесі осы уақытқа дейін жорғалаушыны бассейнде бағып келді. Қазір қолтырауынның салмағы 200 келіге жеткен және 20 жыл бойы сол отбасында өмір сүріп жатқаны BigPicture-де жарияланған, деп жазады Stan.kz.

«Кішкентай Коджекті балықшылардың қолынан көргенде, ойланбастан оны 25 мың рупийге сатып алдым. Алғаш алып келгенімде ол саусағымды тістеп алатын. Қазір оны қолға үйретіп алдық. Коджек жәндік болса да, адамдармен араласқанды жақсы көреді»,-дейді Мұхаммед өзінің сүйікті қолтырауыны туралы.

Коджек үш кішкентай баласы бар отбасында тұрады. Иесінің айтуынша, ол ешкімге зияндық жасамайды.

Адамдар мейірімді Коджекті көруге Индонезияның түкпір-түкпірінен келеді. Тіпті, бір турист оны 74 000 долларға сатып алғысы келген. Алайда, Мұхаммед отбасының сүйіктісін ешкімге бергісі келмеді.

«Мен қолтырауындарды жақсы көремін. Коджекке қатты бауы басып қалдым. Аптасына бір рет суын ауыстырып, жуындырып, тісін тазалап тұрамын. Меніңше, ол мені әкесіндей қабылдайды»,-дейді қолтырауын иесі.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады