Қостанайда туберкулез диспансерінің ауданындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылды.
Бұл туралы Аlau.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді.
Жедел жәрдем сәбиді облыстық ауруханаға жеткізді.
Бұл ақпаратты Қостанай облысындағы денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс менеджері Ксения Жылқыбаева растады.
«Жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Бала тірі. Алайда жағдайы өте ауыр. Комаға түскен. Қазіргі уақытта жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде», – дейді Ксения Жылқыбаева.