jasqazaq.kz

Қоғамдық ұйымдардың еңбегі өлшеусіз

11 желтоқсан 2017, 11:16


Бүгінгі таңда жастар мен халықтың мүддесін қорғап, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі «ұйымдар» көптеп құрылуда. Мемлекеттің қарауындағы ұйымдар бәсекеге қабілетті жастардың қатырының көбеюі мен білім мен ғылымға қарқындылығының қарыштауына, саяси-қоғамдық танымдары мен көңіл көкжиектерінің кеңеюіне бірден бір бағдар, жол көрсетуші, түрткі болар қоғамдық ұйымдардың бүгінгі замандағы алар орны зор және мақсаты мығым.

Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаты мен қарым-қатынасының әр алуандылығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қорғаныс және т.б) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адам өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді. Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: Қоғамдық – саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы). Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б). Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан мұндай қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс топтар мүмкіндігінше құрылған мақсатына сәйкес міндетті қызмет етеді. Мәселен, Алматы қаласында орналасқан «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Республикалық Болашақ қозғалысын» атап өтуімізге болады. Бұл Республикалық ұйымдардың төрағасы Дәурен Бабамұратов бастаған ұжым бүгінде көптеген жастар арасында игі бастамалар мен жобаларды іске асыруда. 2006 жылдан бері құрылған қоғамдық ұйым аса жоғары дәрежеде 300-ден астам іс-шараны жүзеге асырды. Соның бірі де, бірігейі аталған жобалар бойынша бейімдеу орталығы ашылды. Орталықта ағылшын тілі курстары мен тігін курсы, дизайнерлік өнер тегін оқытылды. Сонымен қатар танымал тұлғалармен кездесулер өтіп, орталықта 5+5(10) шеберлік дәрістері оқытылды. Сонымен қатар Алматы 2 миллион халыққа пана болған алып мегаполис. Қалаға ай сайын урбанизация әсерінен 10 мың адам қоныс аударады. Соның 80% ауыл жастары. Ауыл жастары арманын жүзеге асыруға алып-ұшып келіп, алып шаһардағы қала өмірінде «адасып» қалады. Олар жұмыс істегісі келеді, бірақ оны қайдан табарын білмейді. Олар өз құқығын қорғағысы келеді, бірақ оны қайтіп жүзеге асырудан бейхабар. Үйлі болғысы келеді, бірақ оның жүйесін, кәсіп ашқысы келеді, бірақ оның тетігін білмейді. Оларға осы сұрақтың жауабын тауып, дұрыс бағыт-бағдар беріп жүрген ұйым «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі. Бәлкім, бұл ұйымның қызметі үлкен емес шығар, бірақ көлдің бұлақтан пайда болатынын ескерсек, тамшының да тама-тама тас жаратынын ойға алсақ, бұл ұйым жұмыстарының маңызды екенін түсінеміз. Дағдарыс дәуірінде жұмыс табу оңай емес. Сол жұмыс өтілі жоқ, тәжірибесі де аз, бірақ қызмет етсем деген құлшынысы жоғары жандарға мүмкіндік сыйлау мақсатында еңбек өтілін қажет етпейтін жұмыс тәжірибесін ұйымдастырған. Еңбек жәрмеңкесі 30 мамырда және 15 қарашада өтіп, 50-ден астам компания қатысты.
Қаламызда ресми түрде жұмыс істейтін 57 базар бар. Онда мыңдаған жас екі қолға бір күрек іздеп табуда. Алайда олардың әрқайсысының өз қызығушылығы мен хоббиі бар. Біреуінде мүмкіндік болса да, уақыт жоқ, енді бірінде керісінше. Сондықтан осы мәселені реттеп, базар жастары арасында үлкен футболдан, волейболдан турнирлерді қатарынан 2 жыл бойы ұйымдастырған. Соның бірі «Дүйсенбілік футбол» шарасы.
Сонымен қатар «Республикалық Болашақ қозғалысы», «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі «Ауыл шақырады» акциясымен Қазақстанның 12 облысы мен 65 ауылды аралап, ауыл жастарына қала өмірі мен өркениеті жайлы ақпараттар жеткізіп, 15 000-нан астам классикалық кітаптарды таратқан.
Мінекей, жас та болса бас тірліктердің ұйытқысы болған «Республикалық Болашақ қозғалысы», «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдарының қоғамдағы қарышты еңбегі мен ойып алар орнын іс-әрекетінен анықтауға болады.

Жанерке Серікова

08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады