jasqazaq.kz

ҚМДБ: Еуразиия мұсылмандарының форумы өтеді

26 ақпан 2018, 14:15

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында 2 наурызда Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын өткізеді.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылданды.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз айтулы іс-шараны жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілуде.

Тұңғыш рет өтетін тарихи шараға Еуропа мен Орталық Азияның 22 елінен 30-дан астам делегат, атап айтқанда, Бас мүфтилер, дін қайраткерлері, ислами бағыттағы ұйымдар мен одақтардың жетекшілері қатысады деп жоспарланған.

Бүгінде Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Румыния, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Венгрия, Хорватия, Моңғолия, т.б. 18 елдің Бас мүфтилері халықаралық шараға қатысатынын ресми мәлімдеді.

Халықаралық форумда жаңа замандағы мұсылман қауымының жауапкершілігі мен өзара түсінігін қалыптастыру, әлемдегі сын-қатерлерге жауап беру, бүгінгі мұсылман үмбетінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін арттыру, Орталық Азиядағы Ислам тарихы, діни ықпалдастық және өңірлік рухани қауіпсіздік, жаңа замандағы Ислам және Еуропа факторы, т.б. тақырыптар төңірегінде баяндамалар жасалады. Форумда Еуразия елдерінің ортақ пәтуалар базасын қалыптастыру мәселелесі талқыланып, «Бүгінгі мұсылман үмбетінің келбеті» құжаты қабылданады. Басқосу соңында арнайы Қарар қабылданбақ.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр