jasqazaq.kz

ҚазҰУ-да «SAP Next-Gen Labs» инновациялық зертхана ашылады

07 маусым 2018, 15:14

Астанада өткен «Қазақстандағы SAP» ең ірі бизнес-көрмеде Университеттік Альянс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен SAP компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. ҚазҰУ базасында еліміздегі кәсіпкерлік және

экономикалық мәселелерді шешуге арналған «SAP Next Gen Labs» инновациялық зертханасы ашылатын болады. Бұл зертхана жаңа IT-технология саласында оқытушылар мен студенттерді оқытып қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

«SAP» академиялық бағдарламасына әлемнің 112 елінен 3,7 мыңнан астам оқу орны қатысады. «SAP» бағдарламалық жасақтамасы экономика және бизнесті цифрлық трансформациялау технологиялары, соның ішінде интернетке арналған шешімдер, үлкен деректер базасы, блоктау, сараптама, робототехника, машина жасау бағыттарын студенттер мен оқытушыларға таныстырады.

«Мемлекет басшысы білім беруді жаңа индустрияландыру қажеттілігіне бейімдеу және инновациялық шешімдер әзірлеушілердің өз экожүйесін дамыту міндетін алдымызға қойды. Бірінші кезеңде SAP ұсынатын оқу материалдары оқу бағдарламаларына біріктіріледі. Бұл қызметкерлерге SAP шешімдерін білетін әзірлеушілер мен сарапшылардың дағдыларына ие болған компанияда жұмыс істеу кезінде студенттер бәсекелестік артықшылықтарға ие болады. Екінші кезеңде жаңа оқу жылында «SAP Next-Gen Labs» зертханасында нақты бизнес-тапсырмаларды іске асыру үшін хаб құрылады», — деді SAP-пен өзара әрекеттестік бағдарламаларының жетекшісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі Болатжан Құмалақов.

«SAP Next-Gen Labs» инновациялық зертханасы әлемнің ірі ЖОО-да студенттерге «SAP» әріптестері мен клиенттерінің нақты бизнес-міндеттемелерін шешу жолын табуға көмектеседі. Бұл жобалық құрылым студенттердің кәсіпкерлік және дизайнерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Инновациялық өнімдер мен шешімдердің прототиптерін әзірлеу арқылы эмоционалды интеллект пен ойлаудың жобалық бағдарлауын үйретеді, ал тапсырыс берушілер қатарына Қазақстандық және басқа да компаниялар кіреді.

«SAP Қазақстан» басқарушы директоры Максим Ламсков «Қазақстандық жетекші жоғарғы оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық рейтингтің көшбасшы болып табылады. Және әлемнің үздік топ-250 ЖОО-на кіреді. Қазақстанның қарыштап өсіп келе жатқан экономикасына кәсіби кадрларды даярлау үшін студенттерді тәжірибиелік біліммен қамтамасыз етуде жаңа технологияларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да біз жаңа серіктесімізге аталмыш мүмкіндікті қуана-қуана ұсынамыз»,-деді директор.

2018 жылы Қазақстанда тұңғыш рет бизнес-ұсыныстарды әзірлеуде «SAP Кодер» байқауы өтеді. Аталмыш байқауда стартап-жобалар, компаниялар, инновациялық және сандық технологиялармен қызығушылар қатыса алады. Бұл сандық технологияны Қазақстанға енізудегі қосымша драйвер болуы тиіс.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр